Футболдан Қазақстан чемпионатының 12-туры аясында «Атырау» мен «Астана» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атырауда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Турнирлік кестеде үздіктер қатарында жүрген қос команданың матчы тартысқа толы болды. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда «Атырау» алдымен есеп ашты. Хорватиялық шабулышы Андрия Филипович ойынның 75-минутында көзге тсүті.

Ал оған дейін астаналық ойыншы Жереми Манзорро қызыл қағаз алып алаңнан қуылған. Бірақ елордалық команда табандылық танытып, матч аяқталар тұста есепті теңестіріп кетті. Гол 90+4-минутта соғылды.

ҚПЛ. 12-тур

«Атырау» - «Астана» - 1:1

Гол соққандар: 75' Филипович; 90+4 Басманов.Алаңнан қуылды: 73'Манзорро