Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы алда өтетін жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады.

«Құрметті жанкүйерлер! Қолдауларыңызға рақмет. Сіздер біздің командамызсыздар! Сіздер біздің тілеулесімізсіздер! Айтқан, жазған қолдау сөздеріңіз бізге қосымша күш! Бұйыртса тарих жасаймыз! QAZAQ STYLE дәуірі келді!», - деп жазды боксшы өзінің желідегі парақшасында.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум жекпе-жегі Лас-Вегаста 22 мамырда сағат 8:00-де басталады. WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасу алдында боксшылар кездесіп, көз түйістірді.