Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (11-3, 4 КО) жекпе-жегі қарсаңында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Ол келесі кездесуін 21 мамырда Екатеринбургте (Ресей) өткізеді. Қарсыласы ресейлік Эльнур Самедов (12-1, 3 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Калицкий кейінгі жекпе-жегін былтыр 10 желтоқсанда өткізіп, ресейлік Мурад Алиевтен (3-0-1, 1 КО) төрешілер шешімімен жеңілген болатын.