Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (14-11) келесі жекпе-жектің өтетін күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, қазақстандықтың келесі жекпе-жегі 11 маусымда Ақтауда Adal Promotions шоуы аясында өтеді. Қарсыластың есімі белгісіз.

Соңғы жекпе-жегінде Дәукенов 2021 жылы желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткен жекпе-жегінде өзбек боксшысы Эльдорбек Саидовты (6-7-2, 4 КО) жеңген болатын.