Сербиялық маман Милан Кулич «Тобыл» ФК бас бапкері Милан Милановичтің көмекшісі атанды.

Маманның міндеттеріне футболшылардың жеке дамуына бағытталған физикалық көрсеткіштерді жақсарту, ақпаратты талдау, жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу кіреді.

Кулич бұған дейін «Раднички», «Земун», «Будучность» сияқты серб клубтарында және Сербияның U-19 жастар құрамасында жұмыс істеген.