Қазақстандық Александр Недовесов Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Юго Бланше – Альбано Оливеттимен өткізді.

Тартысты өткен матчта қазақстандық-пәкістандық жұп 7:6 (7:5), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.