Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов Парижде Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.

Т.Скатов іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 145-орында тұрған америкалық Митчелл Крюгермен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Т.Скатов 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді.

Т.Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін аргентиналық Родригес Таверна немесе словакиялық Филипп Хоранскидің біреуімен таласады.