Қазақстандық боксшы Дина Жоламан Түркияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

54 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Жоламан канадалық Скарлетт Делгадомен кездесті.

Жекпе-жек Қазақстан өкілінің жеңісімен аяқталды.