Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас алдағы уақытқа жоспарын айтты.

Бұл туралы боксшы Instagram-парақшасында хабарлады. Ол оқырманының сұрағына жақын арада кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізетінін айтты.

Айта кетейік, Ангелина Лукас Түркиядағы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында IBA ұйымының («босқындар») сапында жұдырықтасып, алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық Каролин де Алмейдадан жеңіліс тапты.