Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның сәуір айының үздік голын анықтау мақсатымен жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.

Жанкүйерлердің таңдауына сәуір айында өткен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 4 турының ойындарында соғылған 8 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» футболшысы Жерар Гоудың голы бірінші орынға ие болды. Аталмыш голды Гоу Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты 5-турының аясында «Ақсу» қақпасына соқты. Бұл нәтижелі соққыны 728 (42, 45 %) адам үздік деп таныды.