«Атырау» футбол клубының ойыншсы Родриго Аллеф емханада жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшының жағдайы ауыр.

«Родриго Аллеф Атыраудағы ауруханада ауыр халде жатыр. Деніне саулық тілеп, тез жазылып кетуін тілейміз», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Футболшы емханаға неге түскені жайлы толық мәлімет көрсетілмеген. Бейресми мәлімет бойынша, ойыншы уланған.