Түркияда жасөспірімдер арасында күрес түрлерінен «Victory cup» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде 13 елдің өкілдері өнер көрсетті.

Әйелдер күресінен Ақмола облысының спортшысы Ақерке Әміршеева қола жүлдегер атанды.

Жаттықтырушы Арыстан Болатовтың айтуынша, Ақерке 17 жасқа дейінгі қыздар арасында 69 келі салмақта бақ сынады.