Жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы Артур Бетербиев (17-0) BoxRec порталында Ресей емес, Канада боксшысы ретінде тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Бетербиевтің Канаданың заңды тұрғыны екенін, Канада төлқұжаты барын және Ресейге еш қатысы жоқ екенін айтқан. «Бетербиев - канадалық», - деді Арум BoxingScene-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бетербиев келесі жекпе-жегін 18 маусымда WBO чемпионы кіші Джо Смитке (28-3) қарсы өткізеді.