Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дэнни Дигнумге қарсы чемпиондық жекпе-жегі алдында ESPN арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) орта салмақтағы вакантты WBO «уақытша» титулы үшін жекпе-жек өтеді.

Қазақстандық боксшының жаттығу залын ESPN телеарнасының түсіру тобы тамашалады. Олар боксшының алдағы жекпе-жекке дайындық барысын таспаға түсірді, сонымен қатар оның жаттықтырушысы Джеймс «Бадди» Макгиртпен сөйлесті. Бұл туралы Әлімханұлы әлеуметтік желіде жариялады.