Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек алдында ESPN арнасына сұхбат берді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дэнни Дигнумге қарсы чемпиондық жекпе-жегі алдында ESPN арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
21 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) орта салмақтағы вакантты WBO «уақытша» титулы үшін жекпе-жек өтеді.
Қазақстандық боксшының жаттығу залын ESPN телеарнасының түсіру тобы тамашалады. Олар боксшының алдағы жекпе-жекке дайындық барысын таспаға түсірді, сонымен қатар оның жаттықтырушысы Джеймс «Бадди» Макгиртпен сөйлесті. Бұл туралы Әлімханұлы әлеуметтік желіде жариялады.
ESPN pic.twitter.com/FJi6rZm0A8
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) May 12, 2022