Еуропалық «G2 Esports» командасы PGL Major Antwerp 2022 турниріндегі дебюттік матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«G2» Inferno картында «Team Liquid» командасын 16:6 есебімен ұтты.

Айта кетейік, PGL Major Antwerp 2022 жарысы 9-22 мамыр аралығында Бельгияда өтеді. 24 команда бір миллион АҚШ долларын сарапқа салады.