Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Дамир Қасаболат клубтың баспасөз қызметіне Қазақстан чемпионатының 10-туры аясында «Атырауға» (0:3) қарсы өткен ойыннан алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Біз күткендей, матч өте қиын болды. Көптеген жекпе-жек пен күрес болды, бірақ, амал не, шешуші жекпе-жекте жеңіліп қалдық. Қызыл қағаз ойындағы жоспарымызға түзетулер енгізді және ойынды қайта құруға тура келді. Алайда, екінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер болды, өкінішке қарай, жүзеге асыра алмадық.

Жанкүйерлерге команда үшін қиын кезеңде бізге көрсеткен қызу қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Біз жеңіске жетіп, жанкүйерлерді жақсы нәтижелермен және әдемі ойынмен қуантуға тырысамыз, - деді Қасаболат.