«Астана» сапында «Ордабасы» қақпасына жеңісті голды соққан Станислав Басманов Шымкенттегі ойын жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Стас, жеңіс құтты болсын! Команда «Ордабасыны» тізе бүктірді: ойын қалай болды және соңғы минуттарда соққан голыңнан кейінгі әсеріңмен бөлісе кетсең.

– Рақмет! Сіздерді де жеңіспен құттықтаймын. Ойын өте тартысты өтті, қос тараптан да жанкүйерлер үшін қызықты кездесу болды. Гол салған кезде бойымды қуаныш сезімі кернеді, әсіресе, бұл гол біздің команда үшін жеңісті болғаны қатты қуантады. Бұл ерекше сезім.

Маңызды үш ұпайды иемдендік, ал енді одан әрі жұмыстанып, матч сайын ойынымызды жақсартып, дамитын боламыз.