Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турниріндегі матчта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатыр. Қазақстандықтар алаң иелерінен 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Турнир 15 мамырға дейін жалғасады. Оған Азияның тоғыз командасы қатысады, алтауы Азия ойындарына жолдама алады.

Қатысушы тоғыз команда: Оман, Бангладеш, Таиланд, Шри-Ланка, Гонконг, Индонезия, Өзбекстан, Сингапур және Қазақстан.