Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турнирінде жеңіліп қалды
![Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турнирінде жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202205/472_3f343fa445e28047ca2688a05e73ae35.jpg?v=28641374)
Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турниріндегі матчта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатыр. Қазақстандықтар алаң иелерінен 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Турнир 15 мамырға дейін жалғасады. Оған Азияның тоғыз командасы қатысады, алтауы Азия ойындарына жолдама алады.
Қатысушы тоғыз команда: Оман, Бангладеш, Таиланд, Шри-Ланка, Гонконг, Индонезия, Өзбекстан, Сингапур және Қазақстан.