«Қызыл-Жардың» қорғаушысы Олег Мурачев Қазақстан чемпионатының 9-туры аясында өткен «Қайратқа» (1:1) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Менің ойымша, ойынды жақсы деңгейде өткіздік. Бірінші таймда допқа иелік еткенімізбен, қандайда бір қауіп төндіре алмадық. Қарсылас команда қарымта шабуылдан гол соғып кетті. Матчтың екінші бөлігіне, жақсы дайындықпен шықтық. Бізде қауіпті сәттер көп болғанымен, тек бір ғана гол соға алдық. Бірнеше рет қақпаны дәл көздейтін сәттер болған еді. Келесі ойынға дайындаламыз».