«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Зоран Тошич «Шахтерге» қарсы матч (1:4) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мұндай ойыннан кейін бір нәрсе деп айтудың өзі қиын. Матч басында бір ойыншымыз алаңнан қуылып, он адаммен қалдық. Бұл кездесудің нәтижесіне, жалпы біздің ойынға әсер етті. Бірақ мен мұны ақталу деп санамас едім. Бұл – шындық.Бір нәрсені білемін: біз еңсемізді түсірмейміз, әрі қарай жұмыс істейміз. Алда көптеген ойындар бар, маусым ұзаққа созылады.Матч бойы бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге жеке алғысымды білдіргім келеді. Біз бұл жеңіліс үшін олардан кешірім сұраймыз.