Бельгияның жоғарғы дивизионына шығу үшін өткен плей-офф кезеңінің екінші матчында «Молебек» пен «Серен» 0:0 есебімен тең тарқасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Серен» (Бельгия) – «Моленбек» (Моленбек-Сен-Жан, Бельгия) – 0:0

Екі матчтың қорытындысы бойынша «Серен» сырт алаңдағы жеңісінің (1:0) арқасында Бельгия чемпионатының жоғарғы дивизионына жолдама алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға негізгі құраммен шығып, матчты толық өткізді.