«Реал Мадрид» Испания Ла лигасының 34-турында «Эспаньолды» 4:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп жазады Prosports.kz.

Корольдік клубтың бас бапкері Карло Анчелотти Испания чемпионатын алғаш рет жеңіп алды.

Осылайша, италиялық маман Еуропаның 5 ірі чемпионатын түгел жеңіп алған алғашқы бас бапкер атанды.

Анчелотти бұған дейін Италияда «Миланмен» (2003-04), Англияда «Челсимен» (2009-10), Францияда «Пари Сен-Жерменмен» (2012-13) және Германияда «Бавариямен» (2016-17) бірге чемпион атанған.