Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) шаршы алаңға оралуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы спортшы Instagram парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады.

Айта кетейік, Иван Дычко 18 желтоқсанда өткен жекпе-жегінде ресейлік Александр Устиновты (36-6-1, 27 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.