Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Боксшы Твиттер желісіндегі жеке парақшасында спарринг өткізген сәтінен видео жариялады. Әрі «Біз дайынбыз», - деп жазды.

Айта кетейік, Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін британиялық боксшы Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 21 мамырда Лас-Вегаста өтеді.