Шабуылшы Лионель Месси ПСЖ сапында қалады. Ол келесі маусымда команда намысын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sky Sports сайтына сілтеме жасап

Париждіктер алдағы уақытта бас бапкер Маурисио Почеттиноны қызметінен босатып, орнына Зинедин Зидан немесе Антонио Контені шақырмақ. Екі бапкер де команданы Месси арқылы жасақтамақ.

Айта кетейік, ПСЖ жазда шабуылшылар Неймар мен Килиан Мбаппені сатуға дайын. Бразилиялықты «Барселона» сатып алуы мүмкін, француз еркін агент ретінде «Реалға» ауысады.

Осы маусымда Месси Бірінші лигада 22 матчқа қатысып, төрт гол 13 нәтижелі пастың авторы атанған.