Сәуірдің 23-нен 24-не қараған түні Қазақстан Республикасының кәсіпқой ерлер мен әйелдер клубтарын тіркеудің бірінші ауысу кезеңі аяқталды.

FIFA Ойыншы мәртебесі мен трансфері туралы ережеде талап етілетіндей, әрбір қауымдастық бір спорттық маусымда екі трансферді тіркеу кезеңін белгілейді. ФИФА ережелері бойынша 12 аптадан аспайтын бірінші кезең Қазақстанда 30 қаңтарда басталып, 23 сәуірде аяқталды.

Төрт аптадан аспайтын екінші тіркеу кезеңінің ұзақтығы кейінірек анықталады. Бұл кезеңдер кәсіпқой футболшыларды кәсіби жарыстарға қатысу үшін тіркеуге арналған.