Ақтауда жақын арада жаңа стадионның құрылысы басталуы керек. Қала билігі жаңа ықшамаудандардың бірінен жаңа нысанға орын бөліп қойған, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Стадионның сыйымдылығы 15 000 орындық болады деп күтілуде, ал аренаның өзі UEFА стандарттарына толық сәйкес келеді. Бұған дейін орын саны 10 мыңға жуық болады деген ақпарат болған.

«Жобаның құны шамамен сегіз миллиард теңге», - дейді журналист Ербол Қайыров.

Бір қызығы, Түркістандағы барша жұрттың сынына түскен жетімыңдықтың құрылысына 12,6 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда Ақтаулық «Каспий» сыйымдылығы 5000 орындық «Жас қанат» аренасында өнер көрсетуде. Биылғы жазда стадион жаңа буын жасанды жабынға ауыстырылады.