Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-18) Словакиядағы әлем чемпионатының lА дивизионында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар Жапонияны 4:3 есебімен жеңді. Жеңімпаздар сапында Всеволод Логвин, Темірлан Қитаров, Алдияр Нұрлан мен Руслан Оспанов шайба салды. Ал жапондардан Тайсетсу Ушио (дубль) мен Фуджи Сузуки көзге түсті.