Қазақстандық «Барыс» хоккейшілер, бапкерлер мен клуб қызметкерлеріне жалақы қарызын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қаңтар, ақпан және наурыз айлары үшін команданың барлық ойыншыларына, бапкерлері мен қызметкерлерге жалақы бойынша қарыз өтелді», - деп айтты «Чемпионат» тілшісіне клубтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін жалақы қарызы 2022 жылдың 15 сәуіріне дейін толық төленетіні хабарланған болатын.