Қазақстан құрамасы Словакиядағы хоккейден жасөсіпірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындықты жалғастырады.

ОЖЖ аясында біздің команда әлемдік біріншіліктегі болашақ қарсыласы – Дания командасына қарсы бақылау кездесуін өткізді. Есепті бірінші болып қазақстандықтар ашты, шайбаны Александр Фокин салды.

Даниялықтар есеп теңестірді, алайда екінші ойын кезеңінде Қазақстан құрамасы Роман Ермак алға шығарды. Үшінші кезеңде қарсылас есепті 2:2 етті. Матч буллиттер сериясымен аяқталды, жолдастық кездесуде жеңіске Дания командасы жетті.

Хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 11-17 сәуір аралығында Словакияда өтеді, Қазақстан құрамасы Дания, Норвегия, Словакия, Франция және Жапония командаларымен топ-дивизионға жолдама үшін таласады.