Қазақстан құрамасы Словакияда өтетін хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындық аясында Даниямен жолдаствқ кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал матч соңындағы булит сериясында Данияның жолы болды.

Айта кетейік, 11-17 сәуір аралығында Словакияда хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы Дания, Норвегия, Словакия, Франция және Жапония құрамаларымен жоғарғы дивизионға жолдаманы сарапқа салады.