Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин ресейлік Евгений Донскоймен бірге Мехикода өтіп жатқан Челленджер турнирінің ширек финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар 1/8 финалында швейцариялық теннисші Якуб Паул мен аргентиналық Хуан Игнасио Лондероны ұтты.

53 минутқа созылған кездесу 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда олар Николас Барриентос, Мигель Анхель Рейес-Варела - Алекс Лоусон, Риз Стальдер жұбының жеңімпазымен кездеседі.