Қазақстандық Юлия Путинцева Чарлстонда (АҚШ) теннистен өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Путинцева екінші раундта турнирдің 15-ші нөмірі америкалық Аманда Анисимовадан 1:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.