ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Парижде қалады. Бұл туралы журналист Даниэль Риоло мәлімдеді.

«Маған ешкім сенбейді, бірақ ол өз шешімін мамыр айында жариялайды және ол қалады», - деді Риоло RMC Sport-ке.

Айта кетейік, осы журналист былтыр жазда Месси ПСЖ қатарына ауысқанын бірінші болып мәлімдеген.

Бұған дейін Роналдиньо да Мбаппенің ПСЖ сапында қалатыны туралы пікірін білдірген болатын.