Ресейлік миллиардер Роман Абрамович Түркияның «Гозтепе» клубының басшылығымен команданы сатып алу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Haberler порталының мәліметінше, тараптар келісімге келген, жұмаға дейін бәрі ресми түрде жариялайды.

«Гозтепе» 1925 жылы құрылған. Түркия чемпионы (1950), кубок (1969, 1970) және ел суперкубогының иегері (1970) деген атақтары бар.

Клуб биылғы маусымда 31 матчта 27 ұпай жинап, Түркия Суперлигасында 18-ші орында тұр.