«Пари-Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе клубта қалатын-қалмайтынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Болашағым туралы әлі шешім қабылдаған жоқпын, мұны бәрі біледі. Менің ойымша, көптеген себеп бар. Егер шешім қабылдаған болсам, оны жариялайтын едім. ПСЖ-да қалуым мүмкін бе? Әрине», - деп келтіреді Мбаппенің сөзін Prime Video.

4 сәуірде Франция чемпионатының 30-турында ПСЖ «Лорьянды» 5:1 есебімен ойсырата ұтты. Мбаппен бұл матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берлі.