4 сәуірде Орал мен Қостанайда матчтар өтіп, футболдан Қазақстан чемпионатының 4-туры мәресіне жетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оралдық «Ақжайық» әлі ұпай жинай алмаған жалғыз команда болып тұр. Батысқазақстандықтар бүгін өз алаңында ойнағанымен, ұпай алуы екіталай. Себебі Оралға алматылық «Қайрат» қонаққа келеді. Дегенмен, өткен турда «Қайрат» ойыншылары өз алаңында «Таразды» жеңе алмады, сондықтан бұл команда әлі шешілмеген жұмбақ болып тұр. «Ақжайық» - «Қайрат» кездесуі Қазақстан астанасы уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де қостанайлық «Тобыл» мен түркістандық «Тұран» арасындағы ойын басталады. «Қайрат» пен ел чемпиондары кешегі ойын күнінің қорытындысы бойынша ел біріншілігінің көшбасшысы атанған «Каспийді» қуып жетуге ұмтылады. Алайда түркістандықтар «сары-жасылдарға» күш көрсететіні сөзсіз, өйткені бір ұпай мен әлі гол соға алмауы бұл команданың жоспарын бұзып тұр.

Екі кездесуді де Qazsport телеарнасы көрсетеді. Эфирді мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады. Шетелде жүрген жанкүйерлер болса, матчтарды elevensports.com және onefootball.com сайттарынан тамашалай алады.

Фото fctobol.kz