Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан чемпионатының 4-турында ақтаулық «Каспийден» жеңілісінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі шымкенттік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Екі команда тарапынан өте жақсы, қарқынды матчты көрдік, жанкүйерлерге ұнағаны анық. Осындай ойын үшін қауіпті сәттер де жетерлік болды, өкінішке қарай біз қуып жетуші рөлінде болдық. Біз өткізіп алған голдар ақылға қонымсыз, жастықтың буымен болған қателік сияқты. Бұлар бізді доп ойында болғанда ғана емес, үзіліс сәттерінде де матчтың жалғасатынын үйретеді. Менің футболшыларым бүгін өте үлкен жұмыс атқарды және соңғы ысқырық шалынғанша ойынды құтқаруға тырысты, оларға алғысым шексіз. Бір ойыншыға кем болсақ та, ойыншылар тек гол соғуды ойлады. Мен бұл ойынның бізді тәжірибеге байытатынына сенемін. Бізге сабыр сақтап, мықты болуға сәті түскенде емес, ертеңнен бастап кірісу қажет. Келесі ойынға дайындық аясында біз табиғи алаңда жаттықсақ дейміз, себебі біз көптеген жұмыстарды жасанды алаңның және ойыншылардың қазіргі жағдайына байланысты жасай алмадық», - деді бапкер клубтың баспасөз қызметіне.