«Манчестер Юнайтед» футбол клубы жартылай қорғаушы Бруну Фернандешпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы манчестерлік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Португалиялық футболшы «Қызыл сойқандар» сапында енді 2026 жылдың жазына дейін доп тебеді.

Айта кетейік, Фернандеш «МЮ» сапында 117 ойынға қатысып, 49 гол соқты және 39 нәтижелі пас берді.