"Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски басқа командаға ауысуы мүмкін. Бұл туралы журналист Кристиан Фальк хабарлап отыр.

Фальктың айтуынша, ойыншының агенті Левандовскиге "Барселона" мен "ПСЖ" клубтарын ұсынуда.

Еске салайық, Роберт Левандовски "Бавария" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Кезінде Дортмундтың "Боруссиясынан" ауысқан футболшының қазіргі командасымен жасалған келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымында аяқталады. Transfermarket сайты Польша құрамасының шабуылшысын 50 миллион еуроға бағалап отыр.

Биыл ол Бундеслигада өткізген 27 матчында 31 гол соғып, бір рет нәтижелі пас берді.