Шорт-тректен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер есімі белгілі болды.

Ерлер арасында Павлодар облысының өкілі Денис Никиша топ жарды. Батыс Қазақстандық Нұртілек Қажығали екінші болса, павлодарлық Еркебұлан Шамұханов үздік үштікті түйіндеді.