Денис Никиша шорт-тректен 500 метр қашықтықта Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызШорт-тректен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер есімі белгілі болды.
Ерлер арасында Павлодар облысының өкілі Денис Никиша топ жарды. Батыс Қазақстандық Нұртілек Қажығали екінші болса, павлодарлық Еркебұлан Шамұханов үздік үштікті түйіндеді.