Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатына қатысатын тағы екі құрама анықталды деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше Португалия мен Солтүстік Македония құрамалары арасында ойында 2:0 (1:0) есебімен алаң қожайындары ұтты. Екі голдың да авторы - Бруно Фернандеш.

Тағы бір жолдама поляктарға бұйырды. Хоржов қаласындағы (Польша) «Шлонск» стадионында өткен матчта Польша мен Швеция құрамалары кездесті. Алаң иелері жеңіске жетті – 2:0.

Еуропадан соңғытжолдама маусым айында ойнатылады.