«Атлетико» шабуылшы Антуан Гризманнды сатып алуға дайын, деп жазады Prosports.kz.

Франциялық футболшы «Барселона» мадридтік командаға жалға берілген. Жалға алу мерзімі 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады. Келісімшартта сатып алу туралы шарт болғандықтан, «Атлетико» оны командада қалдыруға шешім қабылдады.

El Desmarque басылымының хабарлауынша, мадридтік клуб ойыншыны 40 миллион еуроға сатып алады.

Айта кетейік, Гризманн осы маусымда 28 ойынға қатысып, 8 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді.