«Сельта» шабуылшысы Санти Мина түрмеге қамалауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport.es сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, футболшыға 2017 жылы қыз зорлады деген айып тағылған.

Сот 28, 29 және 31 наурызда өтеді. Айыптаушылар Минаны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Санти Мина «Сельта» сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы маусымда Испания Примерасында 28 матч өткізіп, сегіз гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанған.