Таразда 2004 жылғы жасөспірімдер командалары арасында «Арман» турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Топтық кезеңнің нәтижесі бойынша финалға «Қайрат» пен «Ақсу» шықты.

Тараздағы «Жастар» стадионда өткен ойында «Ақсудың» жастары 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңіске жеткен команда сапында Максим Анищенко дубль жасады.

Осылайша, «Ақсу-2005» республикалық «Арман» турнирінің жеңімпазы атанды.

«Арман» турнирі. Финал

«Қайрат» - «Ақсу» - 1:2 (0:2)

Гол соққандар: Кусаинов 54 – Анищенко 20 (пенальти), 41.