«Тұран» қақпашысы Эмиль Балаев бірнеше апта бұрын жаттығу кезінде сол аяғын жарақаттап алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Эмиль медициналық тексерістен өтті. Оның сол жақ аяғының екі басты бұлшықетіне зақым келгені анықталды. Қақпашы шамамен бір аптадан кейін қатарға оралады.

Эмиль Балаев – әзірбайжандық қақпашы. Мансабында «Сумгаит», «Нефтчи», «Араз-Нахчыван», «Карабах», «Сабаил», «Зиря» және немістің «Айнтрахт» секілді командаларында ойнаған. Сондай-ақ Қазақстанда «Тобылдың» қақпасын қорғады.