Жапония және Сауд Арабиясы құрамалары Катарда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі matchtv.ru сайтына сілтеме жасап.

Жапония Азиядағы ӘЧ-2022 іріктеу турнирі үшінші кезеңінің 9-турында Аустралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

В тобында Жопания 21 ұпаймен көш бастап тұр. Сауд Арабиясы екінші орында келеді - 19 ұпай. Аустралия құрамасы 15 ұпаймен үшінші орында тұр. Топтың үздік екі командасы әлем чемпионатына жолдама алды.

Аустралиялықтардың да әлем чемпионатына қатысатын мүмкіндігі бар. Команда А тобында үшінші орын алған командамен кездеседі, бұл ойынның жеңімпазы құрлықаралық плэй-офф кезеңіне шығады.